Аттестация өткізу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

Бекітілген

Ақтөбе облысының

Заң консультанттары

Палатасының мүшелерінің жалпы жиналысында

"13" ақпан 2019 жыл

 

аттестация өткізу тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының жалпы жиналысында "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, заңгерлердің кәсіби этикасы кодексіне, Ережеге және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және бекітілді.

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Заң консультанттарын аттестаттау олардың кәсіби біліктілік даярлығын

айқындау және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

1.2. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемі үміткердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда клиент қажет ететін заң көмегін көрсету қабілеті болып табылады.

1.3. Жоғары заңгерлік білімі, кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар, палатаның мүшесі болғысы келетін үміткер аттестаттауға жатады.

1.4.Аттестаттаудың оң нәтижесі оны палата мүшелігіне қабылдау үшін негіз болып табылады.

1.5. Заң консультанттарының палатасына кіру үшін аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті органмен келісім бойынша заң консультанттарының палатасы айқындайды.

2.Аттестацияны өткізуге дайындық

2.1.  Аттестаттау Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық Кодексін, Азаматтық процессуалдық  кодексін, Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы, Еңбек кодексін, Қылмыстық процессуалдық кодексін, әкімшілік Кодексін және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін білуге Кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.

2.2.Палата төрағасы Аттестаттау комиссиясына жіберілетін адамдардың палата мүшелігіне кіру үшін кандидаттардың тізімін бекітеді және үміткерлерді аттестаттауды өткізуді ұйымдастырады.

2.3. Палатаның атқарушы органы үміткерлердің назарына аттестаттау кестесін жеткізеді, сондай-ақ оларға аттестаттауды өткізу күнін, уақытын және орнын хабарлайды. Аттестаттауды  Палатаның сайтында жарияланған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды. Төрағаның шешімін жариялау олар үшін тағайындалған аттестаттауды өткізу күні, уақыты және орны туралы заңгерлерді хабардар ету фактісіне теңестіріледі.

2.4. Аттестатталушыға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағы толтырылады, ол аттестаттау комиссиясына беріледі.

3.Аттестация өткізу тәртібі

3.1. Аттестаттау комиссиясы өткізетін бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:

1) үміткермен заң консультанттар палатасының қызметі туралы әңгімелесу;

2) жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге Кешенді тестілеу;

3) аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша шешім шығару.

3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге әңгімелесу және тестілеу аттестатталушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

3.3. Тесттер құқықтық пәндер тақырыбы бойынша үш сұрақтан тұрады, олардың білімі заң қызметін жүзеге асыру үшін қажет. Тест мазмұны құпия ақпарат болып табылады және еркін таратуға жатпайды.

3.4. Тестілеуге 60 минут беріледі.

3.5. Аттестаттаудан өту үшін ұсынылған сұрақтардың жалпы саны 100 құрайды. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен немесе қағаз тасығышта жүргізіледі.

3.6.Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан да көп пайызын құраса, Кандидат тестілеуден өтті деп саналады. Дауыс беру нәтижелері хаттамаға енгізіледі, оған аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

3.7. Тестілеу кезінде заңгерге нормативтік-құқықтық актілерді, оқу және монографиялық әдебиеттерді пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте ол емтиханға арналған үй-жайдан дәлелді себепсіз кетуге құқылы емес.

3.8.Аттестаттау хаттамасы аттестатталушыны палата мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдау үшін Палатаға жіберіледі (№2 қосымша).

3.9.Аттестаттау парағы үміткерге танысу үшін аттестаттау аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы беріледі.

3.10. Үміткер шекті деңгейден өтпеген жағдайда он күн өткеннен кейін тестіні қайта тапсыруға құқығы бар.

Заңгер тестілеуді тапсыруға келмей қалуы аттестаттау хаттамасында көрсетіледі. Тестілеу нәтижелері бар аттестаттау парағының бір данасы үміткерге тапсырылады, екіншісі палатаның атқарушы органына беріледі.

4.Комиссия шешіміне шағымдану

4.1. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Аттестаттау материалдары 5 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін акт бойынша жойылады.

Ақтөбе облысының

заң консультанттары

Палатасы

09.08.2019 ж. Қазақстан Республикасы

Әділет Министрлігімен

Келісілді