БЕКІТІЛГЕН
Ақтөбе облысының
Заң консультанттар палатасының
жалпы жиналыс шешімімен бекітілді
05 қазан 2022 жылы
Ақтөбе облысының
Заң консультанттары палатасының
ЖАРҒЫСЫ
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасы» (бұдан әрі – Палата) – заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.
2. Палата коммерциялық емес ұйым болып табылады, меншігінде немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі дербес балансы немесе сметасы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға құқылы;мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды имеденіп алуы және жүзеге асыруға құқылы; мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (нышаны) бар; сотта талап қоюшы және жауапкер болуы мүмкін.
3. Палата заңдылық, оның мүшелерінің тең құқықтығы мен еркін ерік білдіруі, жариялылық, өзін-өзі басқару және ортақ қаржыландыру қағидаттары негізінде құрылады және әрекет етеді.
4. Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Коннституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Палатаның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасы», орыс тілінде – «Палата юридических консультантов Актюбинской области».
6. Палатаның орналасқан жері: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Шернияз Жарылғасұлы көшесі, 41.
2-Тарау. Палатаның мақсаттары мен қызметінің негізгі түрлері
7. Палатаның мақсаты мен қызметінің негізгі түрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету болып табылады.
8. Палатаның өкілеттілігі:
1) палата мүшелерінің кәсіптік мінез-құлық қағидаларын және заң консультанттар Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;
2) палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемдерін белгілейді және оларды палата мүшелерінің орындауын қамтамасыз етеді;
4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялығы туралы талаптарды есепке ала отырып, палата мүшелері көрсететін заң қызметтерінің алдынғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпаратты соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
5) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
6) палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
7) заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда, сонымен қатар жеке тұлғалармен қарым-қатынас кезінде өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
10) заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
11) заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
12) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жаупкершілікке тарту туралы мәселелерді қарайды;
13) орта білімнен кейінгі, жоғарғы заңгерлік білім беру ұйымдарының түлектері үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
14) іс-тәжірибиені қорытындылайды және құқтық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру және дамыту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
15) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
16) заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
18) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, Заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9. Палата кәсіпкерлік қызметпен оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана айналысы алады.
10. Палата қызметті үйлестіру, сондай-ақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында қауымдастықтар, филиалдар және өкілдігі құра алады.
3-Тарау. Палатаның құқықтары мен міндеттері
11. Палата құқылы:
1) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен олар өтініш берген жағдайда олардың өкілдері болуға;
2) Палата мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қабылданған нормативтік құқықтық актілер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
3) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және басқа да құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Палатаның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға;
4) сотқа шағымдануға жататын мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдердіне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға;
5) дауларды сотта және сотқа дейін шешуге, оның ішінде арбитражға қатысу;
6) өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
7) Палата мүшелерін кәсіптік оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыруды ;
8) Палатаның ережелері мен стандарттарын бекітеді;
9) Палата мүшелерінің заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының талаптарын, Палатаға мүшелік шарттарын сақтауы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында және Палатаның жарғысында көзделген ықпал ету шараларын өз мүшелеріне қатысты қолданады.
12. Палата міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Палатаның жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауға;
2) өз өкілеттігі шегінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
3) мүшелер арасында олардың құқықтық сауттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
4) мүшелерді ақшаның түсүі мен жұмсалуы туралы хабардар ету;
5) өз қызметінің және оның мүшелерінің қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;
6) міндетті мүшелік (қатысу) негізінде заң көмегін көрсету мәселелері бойынша әзірленетін ережелер мен стандарттарды уәкілетті органмен және реттеуші мемлекеттік органмен келісуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Палатаның жарғысында, немесе Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатында белгіленген тәртіппен кейіннен реттеуші мемлекеттік органдарға ұсына отырып, Палатаға есеп беру нысанында ұсынған ақпарат негізінде өз мүшелерінің қызметіне талдау жасау;
8) реттеуші мемлекеттік органның назарына өз мүшесінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарын, сондай-ақ Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен өзге де құжатта бекітілген, Палата мүшелеріне қолданылған ықпал ету шараларын бұзуы туралы мәліметтерді белгіленген тәртіппен жеткізу
9) тоқсан сайын уәкілетті органға заң консультанттары палатасының мүшелерін енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпаратты ұсынады.
13. Палатаның штаттық қызметкерлеріне еңбек, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама қолданылады.
4-Тарау. Палатаға мүшелік, шарттар, қабылдау, мүшелігін тоқтата тұру және жоғалту тәртібі
14. Заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдау осы Жарғының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады;
15. Азаматтық істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру түріндегі заң көмегін көрсететін тұлғалардың заң консультанттары палатасына мүшелігі міндетті болып табылады.
16. Жоғарғы заң білімі бар, заң мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультантары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға палата мүшесі болып табылады.
17. Заң консультаттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша
талаптарды көздеуі мүмкін.
18. Аттестатау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі. Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті органмен келісім бойынша заң консультанттары палатасы айқындайды.
19. Палатаға мүшелік Палата төрағасына заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдау туралы жазбаша өтініш беру арқылы рәсімделеді. Өтініште азаматтың тегі, аты,әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, егер өтініш беруші заңды тұлғамен еңбек қатынастарында болса, онда қосымша заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері мен банктік деректемелері көрсетіледі.
20. Үміткер заң консультанттары палатасына қабылдану үшін ұсынады:
1) жоғары заң білімі туралы құжатты;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;
3) психикалық ауруы бар науқастарды және наркологиялық науқастарды диспансерлік есепке алудың электрондық тіркеуде болмауы туралы анықтама, 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге;
4) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;
5) аттестаттау нәтижелерін ұсынады.
21. Палатаның мүшелігіне қабылдау туралы шешімді Палатаның алқалы басқару органы қабылдайды.
22. Палатадан шығу ерікті түрде, жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
22.1 Палатаға мүшелікті тоқтата тұру Мүшелік жарналар туралы қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Палата мүшелігінен айырылу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) Палатаның мүшесі болып табылатын азаматтың қайтыс болуы, оны қайтыс болды деп жариялау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп жариялау;
2) Палатаны тарату;
3) заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
4) мүшелік жарнаны 2 (екі) ай ішінде дәлелді себептерсіз төлемеген жағдайда;
5) Палатаның жылдық жалпы жиналысында дәлелді себептерсіз қатарынан 2 (екі) реттен артық болмаған жағдайда.
24. Палата мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ осы Жарғының талаптары бұзылған жағдайда, шығарылуы мүмкін.
25. Палата мүшелерiнiң, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Палатаға өздері берген мүлікке, оның iшiнде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Палата мүшелері, егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Палатаның мiндеттемелерi бойынша, ал Палата өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
26. Палата мүшелерінің құқығы:
1) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн барлық соттарда, мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан заң көмегін көрсету үшін қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегiн көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) процестік құжаттарды, сот iстерiн қоса алғанда, заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен тіркеп алуға;
5) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
6) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
7) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
9) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету;
11) Палата мүшелерінің жалпы жиналысына қатысу арқылы Палата қызметінің мәселері бойынша өз ұсыныстарын енгізуге;
12) Палата органдарына сайлауға және сайлануға;
13) Палата қызметі туралы ақпаратты алуға;
14) Палатаның акцияларына қатысуға;
15) қосымша қаражат енгізуге және Палатаның іс-шараларын өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге құқығы бар.
27. Палата мүшелері міндетті:
1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы қолданыстағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;
2) заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіптік әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жарналарды төлеуге;
3) кәсіптік қызметте заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;
4) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
5) заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
6) клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
7) клиенттің және де басқа тұлғалардың талап етуі бойынша, өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірме ұсынуға;
8) егер клиент бұған қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
9) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға;
10) заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіште не электрондық құжаттар нысанында клиенттің талап етуі бойынша сақтауға;
11) Палатының бекітілген стандарттарына сәйкес, өзінің біліктілігін ұдайы көтеріп отыруға, семинар курстарын тыңдау;
12) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті;
13) Палатаның жалпы жиналыстарына қатысу;
14) Мүшелікті жоғалту немесе мүшелікті тоқтату, мүшеліктен шығару, мүшеліктен шығу жағдайларында мүшелік жарна бойынша қарызды өтеу. 3 күн ішінде Палата мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірмесінің түпнұсқасын және Палата мүшесінің куәлігін қайтару.
5-тарау. Палатаны басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, құзыреттері мен өкілеттіктерінің мерзімдері
28. Палатаны басқару және бақылау органдары:
1) Палатаның жоғары басқару органы – Палата мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады;
2) Басқарма – алқалы басқару органы болып табылады;
3) Атқарушы басқару органы – Палатаның Төрағасы болып табылады;
4) Бақылау органы – Тексеру комиссиясы.
29. Палатаның басқару және бақылау органдары заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша орналасады.
30. Палата мүшелерінің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.
31. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу уақытын, орнын, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібінің сұрақтарын атқарушы орган айқындайды.
32. Кезекті жиналысты жыл сайын Палата Төрағасы шақырады.
33. Жиналысты шақыру күні, ұсынылатын күн тәртібі туралы Палата Төрағасы қатысушыларға жиналысты шақыру күніне дейін 10 күн бұрын хабарлайды. Хабарламада жиналысты өткізу уақыты мен орны, сондай-ақ көзделген күн тәртібі көрсетіледі. Палатаның барлық қатысушылары немесе олардың өкілдері тіркелген, хабардар болған және ашық жиналыстың уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайларды қоспағанда, жиналыс хабарланған уақыттан бұрын өткізілмейді.
34. Жалпы жиналысқа Палата мүшелерінің не тиісінше ресімделген өкілеттіктері бар олардың өкілдерінің кемінде үштен бірі қатысқан жағдайда ол заңды болып есептеледі.
35. Жалпы жиналыста Палата мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда жалпы жиналыс қайта шақырылуға жатады. Қайта шақыру кезінде Палата қатысушыларының белгілі бір саны жиналысқа қатысқан кезде ол заңды болып есептеледі.
36. Қайталама жалпы жиналыстың күн тәртібі болатын жалпы жиналыстың күн тәртібінен өзгеше болмауға тиіс.
37. Жиналыстың жұмыс регламенті, күн тәртібінің мәселелері бойынша шешімдер мен ұсыныстар қатысушы Палата мүшелерінің жай көпшілігімен қабылдайды, әрбір Палата мүшесі бір шешуші дауысқа ие болады.
38. Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қатысатын мүшелердің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
39. Жалпы жиналыстың кезектен тыс шақырылымы Төрағасының, Палата басқармасының шешімі бойынша немесе Палата мүшелерінің 1/3 бөлігінің талабы бойынша жүргізіледі.
40. Палата мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар кіреді:
1) Палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) Палата қызметінің қағидалары мен стандарттарын бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
3) Палатаның мамандырылған (тәртіптік және аттестатау комиссиялары) және өзге де органдарын құру, олар туралы ережелер мен олардың қызметінің қағидаларын бекіту;
4) Палата төрағасын және алқалы басқару органының мүшелерін сайлау, аталған органның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшысының, оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) алып тастау;
6) Палатаның бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшелерін сайлау;
7) ықпал ету шараларын және оларды қолдану негіздерін, Палата мүшелерінің Палатаның ережелері мен стандарттарының талаптарын, Палатаға мүшелік шарттарын бұзуы туралы істерді қарау тәртібін бекіту;
8) Палата қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау;
9) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (тексеру комиссиясының) және мамандандырылған органдардың есеп беру нысанын, тәртібін және кезеңділігін бекіту;
10) Палата бюджетін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Палатаның жылдық қаржы есептілігін бекіту;
11) Палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімді қабылдау, тарату комиссиясын тағайындау;
12) адамдардың өтініштерін Палата мүшелерінен шығарып тастаудың негізсіздігіне қарау;
13) Палатаның бухгалтерлік есебін және қаржы есептілігін жүргізуді тексеруді аудиторлық ұйымды тағайындау;
14) жылдық мүшелік жарна көлемін бекіту;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына және Палата жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау жатады.
16) Палата (мүшелері) кәсіптілікке жататын барлық ұйымдастыру түрдегі бірлестіктерге кіру.
41. Палатаның алқалы органы кемінде үш адамнан құрылуға тиіс, олар Палата мүшелерінің жалпы жиналасымен үш жыл мерзімге сайланады. Басқарма шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады. Басқарманың әрбір мүшесінің бір дауысы бар.
42. Палата Басқармасының құзыреті:
1) Палатаның атқарушы басқару органының қызметін тексерулерді өткізу туралы шешімдер қабылдайды;
2) Палатаның атқарушы басқару органының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату үшін кандидатты не кандидаттарды Палата мүшелерінің жалпы жиналысына ұсынады;
3) Палата құрған төрелікте өтініштері бойынша қаралатын дауларға қатысушылардың таңдауы үшін, кандидатуралары төрешілер ретінде ұсынылуы мүмкін адамдардың тізбесін бекіту;
4) заң консультанттарының кәсіптік даярлық тәртібі мен нысандары, біліктілігін арттыру туралы ережені бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Палата Жарғысында көзделген негіздер бойынша Палата мүшелеріне кіру немесе Палата мүшелерінен шығу туралы шешімдер қабылдайды;
6) арнайы комиссияныңмүщесінің біреуі шыққан жағдайда, Палата мүшелерін жалпы жиналысқа шақырмай, көпшілік дауыспен космиссияның құрамын тағайындауға құқылы.
43. Палата төрағасы Палатаның жоғары лауазымды адамы болып табылады, атқарушы және алқалы органдарды басқарады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады. Палата мүшелеріне есеп береді және жалпы жиналыстарда қабылданған шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Палата төрағасы ретінде Палата мүшелерінің қатарынан жеке тұлға ғана болуы мүмкін. Палата төрағасымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. Палата төрағасы жалпы жиналыспен екі жылға сайланады, сол мерзімге қайта сайлануға құқылы.
44. Палата төрағасының құзыреті:
1) жыл сайынғы кірістер-шығыстар сметасын, есептерді дайындау, Палатаның шаруашылық қызметінің жедел, статистикалық және бухгалтерлік есебін жүргізу;
2) жалпы жиналысты өткізу орны мен уақытын айқындау;
3) жиналыс шешімдерінің орындалуын тексеруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4) бекітілген кірістер мен шығыстар сметасы шеңберінде Палата қаражатына билік ету;
5) осы Жарғыда жалпы жиналыстың құзыретіне жатқызылмаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
45. Палата төрағасы құқылы:
1) барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен кәсіпорындарда Палатаның мүдделерін білдіруге;
2) Палатаның атынан сенімхатсыз әрекет етуге;
3) сенімхаттар беруге;
4) банктерде ағымдағы және өзге де шоттарды ашуға;
5) шарттарды, келісімдер мен келісімшарттарды, оның ішінде еңбек шарттарын, келісімдер мен келісімшарттарын жасауға және бұзуға;
6) Палата қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға және одан шығаруға, сондай-ақ оларды ауыстыру туралы бұйрықтар шығаруға, еңбекке ақы төлеу жүйесін айқындауға, лауазымдық айлықақы мен дербес үстемақылар мөлшерін белгілеуге, сыйлықақы беру мәселелерін шешуге, тәртіптік жаза қолдану шараларын қолдануға;
7) өкілеттіктер тоқтатылатын күнге дейін күнтізбелік бір ай бұрын Палатаның жалпы жиналасына бұл туралы хабарлап, өзіне қабылдаған Палата төрағасының міндеттерін атқарудан мерзімінен бұрын кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
46. Палатаның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды Палата мүшелерінің жалпы жиналысы үш жыл мерзімге сайлайтын Ревизиялық комиссия жүзеге асырады.
47. Ревизиялық комиссия құрамын қайта сайлау Палата мүшелерінің ұсынысы бойынша Палатаның кез келген кезекті (кезектен тыс) жалпы жиналысында жүзеге асырылуы мүмкін.
48. Ревизиялық комиссия Палатаның лауазымды адамдарынан барлық қажетті бухгалтерлік, қаржылық және басқа да құжаттарды талап етуге құқылы.
49. Қаржы жылы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтосқанға дейін болып белгіленеді. Бухгалтерлік есеп пен есептілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6-тарау. Палата Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі
50. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатады.
51. Палатаның Жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды Палата мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына Басқарма шығарады немесе Палата мүшелерінің кемінде 1/3 бөлігінің талабы бойынша шығарылады.
52. Палатаның Жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Палата мүшелерінің жалпы жиналысы көпшілік дауыспен қабылданады.
7-тарау. Қаражатты, мүлікті қалыптастыру көзі
53. Палатаның қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдалануында немесе меншігінде ғимараттар, құрылысжайлар, жабдық, құрал-сайман, ақша, сондай-ақ Палатаның қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де мүлік болуы мүмкін.
54. Палатаға және оның құрылымдық бөлімшелеріне берілген мүлік Палатаның меншігі болып табылады.
55. Палатаның мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:
1) Палата мүшелерінің міндетті жарналары;
2) еркін мүліктік жарналар мен қайырлымдықтар;
3) кәсіпкерлік қызметке, Палатаның коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты білім беру және заңгерлік көмек көрсету қызметтерін көрсетуден алынған қаражат;
4) кәсіпкерлік қызметке, Палатаның коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты ақпараттық материалдарды сатудан алынған қаражат;
5) заңда тыйым салынбаған басқа да түсімдер болып табылады.
56. Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді. Нысаналы пайдалану тәртібі, сондай-ақ өз мүшелеріне ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлау жыл сайын есептік жиналыстарда жүзеге асырылады.
57. Палатаның ақша қаражаты оның мүшелері арасында қайта бөлінуі мүмкін және жарғылық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ғана пайдаланылады.
8-тарау. Палатаны қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі
58. Палатаны қайта ұйымдастыру (бірігу, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) жалпы жиналыстың шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Палатаны қайта ұйымдастыру Палатаға тиесілі құқықтар мен міндеттердің оның құқық мирасқорларына ауысуына әкеледі.
59. Палатаны таратуды іске асыру:
1) Палатаның жалпы жиналысының шешімі бойынша;
2) сот шешімі бойынша.
60. Тарату туралы шешім жалпы жиналыста қайта ұйымдастыру туралы шешім сияқты тәртіппен қабылданады.
61. Палата таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған заңды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді. Тарату комиссиясы Палатаның мүлкін бағалайды, дебиторлар мен кредиторларды анықтайды, Палата борыштарын үшінші тұлғаларға төлеу үшін шаралар қолданады, тарату балансын жасайды және оны Палата мүшелерінің жалпы жиналысына ұсынады. Тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның атынан сотта әрекет етеді.
62. Палатаны тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.
63. Міндетті мүшелікке негізделген Палата таратылған жағдайда, оның мүшелері үш ай ішінде басқа Палатаға кіруге міндетті.
64. Таратылған Палатаның мүлкі мен қаражаты кредиторлармен есеп айырысудан кейін осы Жарғыда көрсетілген мақсаттарға беріледі.
65. Палатаны тарату Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне бұл туралы жазба енгізілгеннен кейін аяқталған болып есептеледі.
Ақтөбе облысының
заң консультанттары
Палатасының төрағасы Ә.Тасыбаев