Палатаның қаржылық-шаруашылық қызмет туралы Есебі

Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының
2023 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру туралы
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

            Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының тексеру комиссиясы құрамы: С.Ж. Калбаев, Р.А. Иманалин, С.С. Зейнулла, 2023 жылдың 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы бойынша Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру өткізді.

            Тексеру барысында, Палатаның бухгалтерлық есептері бойынша 31.12.2023 жылға дейінгі айналмалы-сальдолық ведомостілері қаралды. Ақшалай қаражаттың қалдығы 2023 жылдың қаңтар айы жағдайы бойынша  104 785,81 теңге құрады.

Есептік жылында мүшелік жарна сомасы 9 526 575,34 теңге түсті, сол қаражаттан атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысына, салықтар мен әлеуметтік аударымдарға, палатаның сайтына техникалық қызметі, банк қызметіне, 1С бухгалтериясын жаңарту, картридждерді толтыруға   және кеңсе тауарларын сатып алуға, жалпы сомасы  9 094 937,44  теңге жұмсалды.

            2024 жылдың 01 қаңтарына қаражыттың қалдығы 536 423,71 теңге құрайды. 2023 жылға есептелген мүшелік жарналар 10 059 584,39 теңге, түскені 9 526 575,34 теңге, жарналар бойынша берешек 533 009,05 теңге.

            Тексеру барысында ақшалай қаражатты жұмсауға байланысты және Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінде бұзушылық деректері анықталмады.

Тексеру комиссиясының мүшелері: С.Ж. Калбаев, Р.А. Иманалин, С.С. Зейнулла

 

04 қаңтар 2024 жыл

 

 

Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының
2022 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру туралы
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

            Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының тексеру комиссиясы құрамы: тексеру комиссиясының төрайымы Р.М. Данилова, комиссиясының мүшелері - Р.А. Иманалин және С.С. Зейнулла, 2022 жылдың 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы бойынша Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру өткізді.

            Тексеру барысында, Палатаның бухгалтерлық есептері бойынша 31.12.2022 жылға дейінгі айналмалы-сальдолық ведомостілері қаралды. Ақшалай қаражаттың қалдығы 2022 жылдың қаңтар айы жағдайы бойынша 1012807,09  теңге құрады. Есептік жылында мүшелік жарна сомасы 8051131,60 теңге түсті, сол қаражаттан атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысына, салықтар мен әлеуметтік аударымдарға, палатаның сайтына техникалық қызметі, банк қызметіне, 1С бухгалтериясын жаңарту, картридждерді толтыруға   және кеңсе тауарларын сатып алуға, жалпы сомасы  8959152,88   теңге жұмсалды.

            2023 жылдың 20 қаңтарына қаражыттың қалдығы 104785,81 теңге құрайды. 2022 жылдың мүшелік жарнасы бойынша қарыздары 220385,54 теңге болса, кейбір палата мүшелерінің қарыз сомасы  22972,50 бастап  137306,25  теңгеге дейін құрайды.

 

            Тексеру барысында ақшалай қаражатты жұмсауға байланысты және Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінде бұзушылық деректері анықталмады.

 

Тексеру комиссиясының төрайымыР.М. Данилова

Тексеру комиссиясының мүшелері:  Р.А. Иманалин, С.С. Зейнулла

20 қаңтар 2023 жыл

 

Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының

2021 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру туралы

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының тексеру комиссиясы құрамы – тексеру комиссиясының төрайымы Р.М. Данилова, комиссиясының мүшелері Р.А. Иманалин және С.С. Зейнолла 2021 жылдың 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы бойынша Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру өткізді.

Тексеру барысында, Палатаның бухгалтерлық есептері бойынша 31.12.2021 жылға дейінгі айналмалы-сальдолық ведомостілері қаралды. Ақшалай қаражаттың қалдығы 2021 жылдың қаңтар айы жағдайы бойынша 1 678 162,99 теңге құрады. Есептік жылында мүшелік жарна сомасы  6 797 654,60 теңге  түсті, сол қаражаттан атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысына, салықтар мен әлеуметтік аударымдарға, палатаның сайтына техникалық қызметі, банк қызметіне, 1С бухгалтериясын жаңарту, картридждерді толтыруға   және кеңсе тауарларын сатып алуға, жалпы сомасы  7 463 010,50 теңге  жұмсалды.

2022 жылдың 19 қаңтарына қаражыттың қалдығы 1 193 431,09 теңге құрайды. 2021 жылдың мүшелік жарнасы бойынша қарыздары 734 762,73 теңге болса, кейбір палата мүшелерінің қарыз сомасы  30 000 бастап  80 000 теңгеге  дейін құрайды.

Тексеру барысында ақшалай қаражатты жұмсауға байланысты және Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінде бұзушылық деректері анықталмады.

 

Палата тексеру комиссиясының төрайымыР.М. Данилова

Палата тексеру комиссиясының мүшелері: Р.А. Иманалин, С.С. Зейнолла

 

2022 жылы 19 қаңтар

Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының

2020 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру туралы ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының тексеру комиссиясы құрамы – тексеру комиссиясының төрағасы А.М. Мукушев, комиссиясының мүшелері Г.М. Бекентаева және Р.А. Иманалин, 2020 жылдың 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы бойынша Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру өткізді.

Тексеру барысында, Палатаның бухгалтерлық есептері бойынша 31.12.2020 жылға дейінгі айналмалы-сальдолық ведомостілері қаралды. Ақшалаай қаражаттың қалдығы 2020 жылдың қаңтар айы жағдайы бойынша 1 035 289 теңге құрады. Есептік жылында мүшелік жарна сомасы 6 911 700 теңге түсті, сол қаражаттан атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысына, салықтар мен әлеуметтік аударымдарға, палатаның сайтына техникалық қызметі, банк қызметіне, 1С бухгалтериясын жаңарту, картридждерді толтыруға   және кеңсе тауарларын сатып алуға, жалпы сомасы  6 268 827 теңге жұмсалды.

2021 жылдың 8 қаңтарына қаражыттың қалдығы – 1 678 162 теңге құрайды. 2020 жылдың мүшелік жарнасы бойынша қарыздары – 493 886 теңге болса, кейбір палата мүшелерінің қарыз сомасы  30 000 бастап  90 000 теңгеге дейін құрайды.

Тексеру барысында ақшалай қаражатты жұмсауға байланысты және Палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінде бұзушылық деректері анықталмады.

Палата тексеру комиссиясының төрағасы:  А. Мукушев

Палата тексеру комиссиясының мүшелері: Г. Бекентаева, Р. Иманалин.

8 қаңтар 2021 жыл

Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының 2018 жылдың шілдесінен желтоқсанға дейін және 2019 жылдың қаңтарынан 9 желтоқсанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру туралы Есебі

А.Мукушев, А.Кенжеханова және Г.Иманбаевадан тұратын Палатаның тексеру комиссиясымен көрсетілген уақыт аралығында қаражаттың түсуі мен жұмсалуын тексеру өткізілді.

2018 жылдың 23 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында 1 839 446 теңге мүшелік жарна түсті. Оның ішінде 1 194 690, 20 теңге атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысына, салықтарға, банктік қызметтерге, кеңсе тауарларына және кеңсе жабдықтарына жұмсалды. Жыл соңындағы қалдық 644 755, 80 теңгені құрады.

2019 жылдың қаңтарынан 9 желтоқсанына дейін 7 135 326, 8 теңгені қаражат түсті, оның ішінде 644 755, 80 теңге 2018 жылдың қалдығы, 6 381 471 теңге - мүшелік жарна, 109 100 теңге - демеушілік жарналар. Атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысына, салықтар мен әлеуметтік аударымдарға, палата веб-сайтын құру мен қызмет көрсетуге, лазерлі принтер, диспенсер, кеңсе тауарларын сатып алуға, палата мүшелерінің куәліктерін жасауға, картридждерді толтыруға 6 083 244, 80 теңге жұмсалды. Ақшалай қаражаттың қалдығы 2019 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 052 082 теңгені құрады.

Бұл шығындарды растайтын құжаттар бар. Қаражатты жұмсауға байланысты бұзушылықтар анықталмаған.

Тексеру комиссиясының

төрағасы Мукушев А.М

Тексеру комиссиясының

мүшелері Кенжеханова А.И., Иманбаева Г.М.