Ақтөбе облысының заң
консультанттары палатасы

Құрметті сайт қонақтары!
Ақтобе облысының заң консультанттар палатасының

Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы 27 наурыз 2018 жылы – қоғамдық ұйым «Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы» болып құрылды. 2018 жылдың желтоқсан айында 05.07.2018ж. №176-VI Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес қоғам мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы боп қайта құрылды.

Палата өзін-өзі басқару коммерциялық емес ұйым болып табылады,өз мүшелерімен заң көмегін көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңнамасының талаптарының сақталуын бақылап және реттеу мақсатында құрылған.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабының 3 тармағымен бекітілген білікті заңгерлік көмегін алуға құқылы талаптарды жүзеге асыру Палатаның ең басты мақсаты болып табылады.

Палата құқықтану жұмысында жеткілікті тәжірибелері бар кәсіби заңгерлерлерден тұрады. Олар заң көмегіне жүгінген азаматтардың сотта, мемлекеттік, басқада органдарда және үйымдарда мүдделерін қорғауға өкілдік етеді.

Палата мүшелерінің заңгерлік көмегінің көрсетуі ең алдымен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы мен құрметі,кәсіби және әдеп мінез құлық ұстанымдарын сақтауызаң үстемдігі қағидатына негізделеді.

Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан

Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.

Жүктеу Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы

Құрметпен,

Палата төрағасы

А.Тасыбаев

Біздің артықшылығымыз
Бізді таңдаудың 4 себебі

Біз қандай сұрақтарды шешеміз

Пікір қалдыру