Заңгердің кәсіби әдеп Кодексі

"БЕКІТІЛДІ"
Ақтөбе облысының
Заң консультанттары
Палатасының
жалпы отырысымен
«__» _______ 2019ж.

Заңгердің кәсіби әдеп Кодексі

Ақтөбе облысының заң консультанттары Палатасы комерциялық емес ұйым, бірнеше адамның ынтасы бойынша, еркімен үйымдасып ортақ қызығушылық мақсатпен және міндетпен жетілдіру үшін құрылған, Палата жарғысында белгіленген, мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру бойынша көмектесуге арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам өз құқықығы мен бостандығын сотта қорғауға және білікті заңгерлік көмек алуға құқылы, халықаралық құқығының жалпы қабылданған нормаларына және заң мамандығының Ережесіне сүйене отырып осы заңгердің кәсіби әдеп Кодексі қабылданады.

Бөлім 1. Заңгердің ең басты кәсіби нормалары және негізі тәртібі

Осы Кодекс, Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларын толықтыра отырып заң қызметін және Палатаның үйымдастыру сұрақтарын реттейтін, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және таныту үшін барлық заңгерлерге әдеп стандартының тәртібі, заңдылық пен тәуелсіздік, адамгершілік пен әдіпеттілік, құзыреттілігі және жауапкершілігі, құпиялық, адалдық пен сенімбілдірушілік ретінде ұстанымың белгілейді.