Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшелерін көтермелеу шараларын қолдану тәртібі туралы Қағида

"БЕКІТІЛДІ"

Ақтөбе облысының Заң консультанттар

палатасының кезектен тыс жалпы

жиналыс шешімімен бекітілді

«14» шілде 2021 жылы

 

Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшелерін көтермелеу шараларын қолдану тәртібі туралы

ҚАҒИДА

Осы қағида "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Палатаның жарғысына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленіп,  заң консультанттары қызметінің нәтижелері бойынша көтермелеу тәртібін белгілейді.

1-бап. Көтермелеу шараларын қолданудың мақсаттары мен қағидаттары

1.1 Көтермелеу шараларын белгілеудің мақсаты заң консультанттардың еңбегін тану, жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету кезінде олардың кәсіби шеберлігін ынталандыру, сонымен бірге Палатаның қоғамдық өмірене белсенді қатысып, оң имиджді нығайту болып табылады.

1.2  Көтермелеу шараларын қолдану қағидаттары:

- көтермелеуге ұсынылған заң консультанттарының кандидатурасын жан-жақты талқылау және оны Палатаның алқалы басқару органының отырысында бекіту.

2-бап. Заң консультанттарын көтермелеу үшін өлшемдер

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс үдерісіндегі жоғары кәсіпқойлық деңгейі;

- азаматтардың санатына мұқтаж кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуді дамытуға елеулі үлес қосқан;

- Палатаның ыңтымақтастық туралы Меморандумды,  «про-боно» жобаларын жүзеге асыруға, қоғамдық қабылдауда халықа ақысыз заңгерлік көмек көрсетуге  белсенді қатысқандар;

- Палатаның қоғамдық өміріне белсенді қатысу, оң имиджді нығайту  және өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттыру;

- заң консультант ретінде ұзақ мерзімді және мінсіз кәсіби қызмет;

- Палата мүшелерінің  50, 60, 70, 80 жастық  мерейтой туған күндерін мерекелеу.

3-бап. Көтермелеуге ұсынуға лайықты Палата мүшелері

- белсенді Палата мүшелері;

- Палатаның арнайы комиссия мүшелері;

- Палатанын басқару кеңесінің мүшелері.

4-бап. Көтермелеу түрлері

4.1 Уәкілетті органының ведомстволық наградаларымен марапаттау:

1) медаль;

2) үздік кеуде белгісі;

3) Әділет министрінің немесе аумақтық әділет органының грамотасы және алғыс хат.

4.2 Орталық немесе жергілікті атқарушы және өкілді органының, қоғамдық коммерция емес ұйымдардың грамотасы және алғыс хатымен марапаттау.

4.3 Республикалық заң консультанттары алқасының грамотасы мен алғыс хаты және басқа көтермелеу түрлерімен марапаттау.

4.4 Ақтөбе облысы Заң консультанттары палатасы төрағасының грамотасы мен алғыс хаты, бағалы сыйлық  және ақшалай  марапаттау.

5-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртібі

5.1 Заң консультанттарын көтермелеудің бастамашылары Палата төрағасы мен басқармасының мүшелері болып табылады.

5.2 Көтермелеуге ұсынылған  заң консультанттары Палата басқармасының отырысында қарапайым көпшілігімен бекітіледі.

5.3 Заң консультанттарын марапаттау ұсынымдары, осы Қағиданың 4 бабы, 4.1 тармағына сәйкес Палата төрағасы қол қойып, өкілетті органына мемлекеттік және кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне екі айдан кешіктірмей жолданады.

5.4 Заң консультанттарын марапаттау ұсынымдары, осы Қағиданың 4 бабы, 4.2, 4.3, 4.4 тармақтарына сәйкес Палата төрағасы қол қойып, мемлекеттік органына және  қоғамдық коммерция емес ұйымдарына мемлекеттік, кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне бір айдан кешіктірмей жолданады.

5.5 Заң консультанттарына наградаларды тапсыру уәкілетті органда немесе Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысында салтанатты жағдайда өткізіледі.

Ақтөбе облысының

Заң консультанттары палатасы