27.08.25 | Ашық есік күні

27.08.2025 жылы ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Әділет департаментінің ғимаратында заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Акция аясында азаматтарға ақысыз заңгерлік көмек көрсетілді, олар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді. Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі