14.11.25 | Әкімшілік сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері: ведомстволық бағыныстылық және соттылық

Құрметті әріптестер, Қайырлы кеш! Бүгін 14.11.2025 ж. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бастамасымен Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы А.Ә. Абдуллинаның қатысуымен "Әкімшілік сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері: ведомстволық бағыныстылық және соттылық" тақырыбына дөңгелек үстел өткізiлді. Дөңгелек үстел отырысына судьялар корпусы, Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысының заң консультанттар палатасы, Ақтөбе облысының жеке сот орындаушылар палатасы мен Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел соңында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы Г.А. Сағымбаевамен Ақтөбе облысы заң консультанттар Палатасының мүшесі А.М. Мукушевке "Әділет үздігі" төсбелгісі табыс етілді.