13.02.2026 жылы Баишев университеті Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары Жоғары мектебінің Құқықтану БББ қауымдастырылған профессоры з.ғ.к. Б.А.Телибековпен 4 курс білім алушыларына Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшелері Р.Т. Жүсіпов пен А.Б.Бердібаевтың қатысуымен іс-шара ұйымдастырлыып өткізілді. Кездесу барысында Р.Т.Жүсіпов құқық қолдану практикасынан мысалдар келтіріп, алаяқтық пен дроперлікке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша сот материалына түсініктеме берді. А.Б.Бердібаев әскерге шақыру жасындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырудың тәртібі мен негіздерін түсіндірді, сондай-ақ әскери қызметке шақыру барысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қолданыстағы қылмыстық заңнаманың ережелерін түсіндірді.
Сонымен қатар тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.