Өндірістік практиканың аясында Ақтөбе облысының Заң кеңесшілер палатасынан арнайы келген практика жетекшілері құқық қорғау саласының маңыздылығы, заңгер мамандығының жауапкершілігі мен болашағы туралы терең мағыналы ой-пікірлерімен бөлісті.
- Тәжірибе мен теорияны ұштастыру
- Кәсіби бағыт-бағдар
- Құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері
Бұл кездесудің студенттер үшін мотивациялық әрі танымдық маңызы зор болды!
#құқықтану #өндірістікпрактика #заңкеңесшілерпалатасы #Ақтөбе #құқыққорғау #студентөмірі #практика2025
Өндірістік практика барысында студенттермен кездесуге Ізтлеуова Раушан Ізтілеуқызы, Жусупов Руслан Тургаевич және Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының төрағасы Телібеков Бақытбек Арықбайұлы арнайы шақырылды. Олар құқық саласының маңыздылығы, заңгер мамандығының қоғамдағы орны туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында мамандар студенттерге болашақта кездесетін кәсіби қиындықтарға дайын болуға, әрдайым білімдерін жетілдіруге және адалдықты басты қағида етуге кеңес берді. Теория мен тәжірибені ұштастырудың маңыздылығы мен заңгерлік қызметтің жауапкершілігі де жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, құрметті қонақтар болашақ мамандарға жүрекжарды тілектерін арнап, табыс, мықты сенім мен үлкен жетістіктер тіледі. Бұл кездесудің студенттер үшін мотивациялық, бағыт-бағдар беретін және танымдық маңызы зор болды.






