29.05.2025 ж. тегін құқықтық көмек шеңберінде Баишев университетінің Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің "Құқықтану" БББ профессор-оқытушылар құрамы, з.ғ.к.-тар Б.А. Телибеков пен И.М. Телибекова Ақтөбе қаласының N6 колониясында заң консультациясын өткізді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120, 190, 191, 192, 194, 99 2-бөлімі баптар бойынша сотталған тұлғаларға құқықтық көмек пен кеңес берілді. Сотталғандар ажырасу мәселелері, ҚР Конституциясының 30-жылдығына рақымшылығымен байланысты, колониядағы жұмыс орнының ауыстыру кезінде еңбекақы төлеу, жәбірленушіге құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды өтеу, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормалары мен құқық бұзушылықтың дәлелді базасын зерттеу бойынша сұрақтар қойылды.
Құқықтық көмек Ақтөбе облысы Әділет департаментінің, Ақтөбе облысының Нотариалдық палатасының, Жеке сот орындаушылар палатасының, Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының өкілдерімен бірлесіп көрсетілді.






