05.04.2021 жылы «Азаматтық процесте құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша Қазақстан Республикасы соттары қызметінің заманауи форматтары» Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Пресс-релиз

Ақтөбе облысының заң консультанттары Палатасы және Баишев Университет мекемесі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес zoom-платформада 2021 жылдың 5 сәуірінде сағат 17.00-де Палата мүшесі, Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры, з.ғ.к. И.М.Телибекованың ұйымдастыруымен «Азаматтық процесте құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша Қазақстан Республикасы соттары қызметінің қазіргі заманғы форматтары» атты Дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының заң консультанттары Палатасының мүшелері, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, Дөңгелек үстелдің қонақтары – Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Кушбаев Әлімжан Өтемісұлы, Ақтөбе облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Мұқанов Ержан Тәжіұлы, Ақтөбе облысы Нотариаттық палатасының нотариусы Думова Айгүл Айғалиқызы, сондай-ақ күндізгі және қашықтықтан оқыту нысанының студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде соттар қызметінің мәселелері, қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайындағы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды және студенттер-дипломниктармен ғылыми зерттеулерінің нәтижелері апробациядан өткізілді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Баишев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры О.И. Лыгина алғыс хаттармен іс-шараның белсенді қатысушыларын марапаттады.