Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілетін жоба бойынша түсіндіру кездесуін өткізді
2025 жылғы 7 ақпанда С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінде Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасының ережелерін түсіндіруге арналған іс-шара өтті.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алдында Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының төрағасы Телибеков Бахытбек Арыкбаевич сөз сөйледі.
Кездесу барысында жобаның негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, қолданыстағы нормалар мен ұсынылып отырған өзгерістерге салыстырмалы-құқықтық талдау жасалды. Ақпаратты көрнекі түрде жеткізу мақсатында Конституция баптарын салыстыру негізінде дайындалған бейнероликтер, слайдтар мен презентациялық материалдар пайдаланылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.
Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және қоғамда конституциялық өзгерістерге деген саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.