ЗКП Басқармасының отырысында Ақтөбе облысының Заң консультанттар Палатасының Төрағасы Б.А. Телібеков міндетті мүшелік жарналар бойынша борышкерлердің тізімін жариялады. ЗКП Басқармасы мүшелері Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына, ЗКП-ның Жарғысына және «Мүшелік жарналар туралы» ЗКП-ның Ережесіне сәйкес шаралар қолдану қажеттігі туралы шешім қабылдады.


