18.03.26 | Құқықтық көмек ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің №8 мекемесінде кездесу

2026 жылдың 18 наурызында Бәйішев университеті мен Ақтөбе облысының Заң консультанттар палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес з.ғ.к. Телибеков Б.А. және з.ғ.к. Телибекова И.М., Палатаның заң кеңесшісі Усерова Б.С., Заң клиникасының мүшесі Нурадинов Н. ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің №8 мекемесіне (орташа қауіпсіздік деңгейі) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған үшін берілген жазалау тәртібімен танысу және азаматтық пен қылмыстық істер бойынша сотталғандар арасында құқықтық көмек беру мақсатында барған.