2026 жылдың 26 ақпан күні Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевпен Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы Гүлжан Әлтайқызы Сағымбаеваның, Баишев университетi Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары Жоғары Мектебінiң доцент қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Заң консультанттары Палатасының төрағасы Б. А. Телибековтың, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушылар Палатасы мен Нотариаттык Палатасының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Отырыс барысында Ақтөбе облысының Әділет департаменті қызметінің жылдық қорытындылары шығарылып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды.

