Критерии качества оказания юридической помощи

«Бекітілген»

Ақтөбе облысы

Заң консультанттары

Палатасының жалпы  

жиналысында

«13» ақпан 2018 ж.

Өлшемдер

Ақтөбе облысы заң консультанттар Палатасы мүшелерінің

заң көмегін көрсетудің сапасын арттыру

 

Осы Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы мүшелерінің заң көмегін көрсету сапасының критерийлері "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заң көмегін көрсету сапасын қамтамасыз ету және оны көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Сапа критерийлері заң көмегін көрсететін заң консультантының қызметіне қойылатын ең аз талаптарды қамтиды.

             1.Заң консультанты заң көмегін көрсету кезінде мынадай

негізгі қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:

1) заңның үстемдігі;

2) заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;

3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;

4) клиенттің мүддесінде заң көмегін ұсыну;

5) кәсіби құпияны сақтау;

6) кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;

7) заң көмегін көрсетудің шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;

8) заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;

9) сотты, сот ісін жүргізу қағидаларын және кәсібі бойынша әріптестерді құрметтеу;

10) заң көмегінің қолжетімділігі.

2. Заңдық көмек келесі түріде көрсетіледі:

1) құқықтық ақпараттандыру;

2) құқықтық кеңес беру;

3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының тәртібімен белгіленген жағдайларда және соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету;

4) клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасау.

              3. Көрсетілетін заң көмегі сапасының өлшемдері:

1. жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;

2.заң көмегін көрсетудің негізгі қағидаттарын сақтау. заң көмегін көрсетудің әрбір қағидатты жүзеге асыру өзге де қағидаттарымен өзара іс-қимылда асырылады;

3. қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кеңестердің негізділігі мен уәжділігі;

4. заң көмегін көрсету кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, заң көмегін көрсету стандарттарын, сондай-ақ кәсіби этика кодексін сақтау;

5. клиенттің мүдделерін негізге ала отырып, заң көмегін көрсету шараларын таңдау;

6. клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңмен тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалану;

7. мүдделер қақтығысы және (немесе) іс жүргізу заңнамасында көзделген, заң консультантының іске қатысуын болдырмайтын өзге де мән-жайлар болған кезде заң көмегін көрсету туралы қабылданған тапсырмадан бас тарту;

8. клиент ұсынған ақпараттың құпиясын сақтау.

Ақтөбе облысының

заң консультанттары палатасы

 

20.05.2019 ж. Қазақстан Республикасы

Әділет Министрлігімен

Келісілді