Мүшелік жарна туралы қағида

" Б Е К І Т І Л Д І "

Ақтөбе облысының Заң консультанттары

палатасының жалпы жиналысында
«13» ақпан 2019 жылы

Өзгерістер Ақтөбе облысының Заң консультанттары

палатасының жалпы жиналыс шешімімен

«15» қаңтар 2021 жылы

Өзгерістер мен қосымшалар Ақтөбе облысының

Заң консультанттары палатасының

кезектен тыс жалпы жиналыс шешімімен

«14» шілде 2021 жылы

Өзгерістер Ақтөбе облысының Заң консультанттары

палатасының кезекті жалпы жиналыс шешімімен

«26» қаңтар 2022 жылы

 

Мүшелік жарналар туралы

ҚАҒИДА

 

1. Жалпы қағидалар

1.1 Осы Қағида Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының (әрі қарай – Палата) мүшелік жарнаның төлеу түрін, мөлшерін, мерзімін және тәртібін анықтайды, мүшелік жарнаның төленуі бұзылуы тоқтатылуына байланысты және толық емес немесе уақытылы төленбесе оның төленбеуі жауапкершілікке алып келеді.

1.2 Осы Қағида Палата Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының «Адвокаттар қызметі мен заң көмегін көрсету туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі басқару» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамалардың қағидаларын сақтай отырып өнделді.

1.3 Мүшелік жарна Палата қызметінің басты қаржылық және мүліктік құрамаларының негізгі дерегі болып, оның мақсатына және құрылуына жетуі болып табылады.

1.4 Барлық Палата мүшелері мүшелік жарнаның төлеушілері болып табылады. Мүшелік жарнаны төлеу Палата мүшелерінің міндеті болып табылады. Мүшелік жарнаны төлеуден босатуға Қазақстан Республикасының «Адвокаттар қызметі мен заң көмегін көрсету туралы» Заңы және осы Қағидада қарастырылған негіздер ұйғарлады. Палатада мүшелікті уақытша тоқтату, міндетті  мүшелік жарнаны төлеуден босатуға негізі болып табылады.

1.5 Әр бір Палата мүшесі өзінің мүшелік жарнаның борышы бары туралы ақпаратты алуға құқылы. Мұндай ақпарат ашық болып табылады.

 

2. Мүшелік жарналардың түрлері және өлшемі

2.1 Палатада келесі мүшелік жарналардың түрлері бекітілген:

1) міндетті жылдық мүшелік жарналар;

2) ерікті (игілікті) мүшелік жарналар;

2.2 Міндетті жылдық мүшелік жарналардың өлшемі республикалық бюджетік заңнамамен бекітілген қаржылық жылға сәйкес 30 айлық есептік көрсеткішін құрайды.

Палата мүшелігіне кірген күні айдың 15 дейін болса, мүшелік жарналары  осы айдың басынан төленеді.

Кіру жарналарына тиым салынады.

2.3 Кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аз кәсіптік қызмет өтілі бар заң консультанттары мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.

2.4 Жылдық міндетті мүшелік жарнаның өлшемі Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен, Палата Жарғысында ескертілген тәртіпке сәйкес өзгертілуі мүмкін.

2.5 Палата мүшелері өз ерікімен міндетті (игілікті) жарнаны барлық өлшемде және тәртіпте төлеуге құқылы.

 

3. Мүшелік жарнаны төлеу тәртібі

3.1 Мүшелік жарналар Қазақстан Республикасының валютасымен - теңге ақшалы түрде төленеді, Палатаның банкілік есеп шотына аудару арқылы. Ерігімен (игілікті) жарналар, мүлікпен, басқада заттармен, мүліктік құқықпен еңгізуге болады, соңымен қатар зияткерлік қызметінің шешіміне құқылы.

3.2 Міндетті жылдық мүшелік жарналар Палата мүшелерімен тоқсан сайын біркелкі ақшамен – 7,5 АЕК, ағымдағы жылдың 15 қаңтарына, 15 сәуірге, 15 шілдеге, 15 қазанға дейін төленуге тиіс. Алғашқы міндетті мүшелік жарна жылдық мүшелік жарнаның мөлшері есебінен келген, ағымдағы тоқсанның түскен күніңне төленеді.

3.3 Палата мүшесінің еркіні бойынша міндетті мүшелік жарналар, жылға сәйкес ағымдағы жылдың 31 қаңтарына дейін біржолғы төлеммен төлеуге болады.

3.4 Мүшелік жарналар Палатаның банкілік шотына түскен күнен бастап, төленді деп саналады.

3.5 Мүшелік жарналар Палата мүшесінің жеке өзімен немесе басқада үшінші тұлғамен төленуге болады. Мүшелік жарналарды төлеу кезде төлемнің негізінде міндетті түрде, қай мерзімге төленуі көрсетілуі тиіс. Үшінші тұлғамен төленген жағдайда, төлемнің негізіне міндетті түрде Палата мүшесінің Т.А.Ә., ЖСН толық және төленетін төлемнің мерзімі түгелдей көрсетілуі тиіс.

3.6 Міндетті мүшелік жарнаны төлеуден  босатылатын жағдайлары:

1) жүктілік және босануы бойынша демалыс уақыты;

2) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс уақыты;

3) Палата мүшесінің өзі немесе жақын туысының ұзаққа созылған (2 айдан астам) науқастығына байланысты;

4) отбасылық және басқа беделді жағдайлар.

Мүшелік жарнаны төлеуі Палата төрағасы атына мүшелікті тоқтату мерзімі көрсетілген арызына сәйкес дәлелді медициналық немесе басқа құжаттарды қосқан жағдайда тоқтатылады.

3.7 Міндетті мүшелік жарнаның тоқтатылу мерзімі, Палата мүшесінің мүшелік жарнаны тоқтату туралы арызына сәйкес келесі күнтізбелікті айынан басталады. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста болғанда,  ұзаққа созылған (2 айдан астам) науқастығы кезеңде, міндетті мүшелік жарнаның тоқтатылу мерзімі еңбекке уақытша жарамсыз парағында көрсетілген нақты күнінен басталады.

3.8 Палата мүшесінің арызына сәйкес тоқтатылынған мүшелік жарнаны төлеу уақытты қайта басталады, мүшелік жарнаның тоқтатылу мерзімі өткен кезде төлемдер ескертусіз жалғастырылады.

3.9 Мүшелік жарнаның төленуі жалғастырылған кезде және мүшелік жарнаның тоқтатылу мерзімі өткен соң, мүшелік жарнаны тоқтату негізі болмаған жағдайда ағымдағы жылдын күнтізбелік күнінен бастап жылдың соңына дейін, жылдық мүшелік жарнаның есебінен саналады. Төлемдер Қағидада көрсетілген мерзімге төленуі тиіс.

3.10 Мүшелік жарнаны төленуі тоқтатылған кезде Палата мүшесіне соттарда жеке және заңды тұлғалардың өкілеттік мүддесін азаматтық істер бойынша жүзеге асыруға тиым салынады.

3.11 Мүшелік жарна тоқтатылған кезінде Палата мүшесімен соттарда жеке және заңды тұлғалардың өкілетілігін азаматтық істер бойынша жүзеге асырғаны туралы белгілі болған жағдайда, Палата мүшесі мүшелік жаранының тоқтатылған уақытынан бастап бүкіл өлшемдегі мүшелік жарнаны төлейді.

 

4. Мүшелік жарналарды үйлестіру

4.1 Мүшелік жарналар Палатамен ен басты бағыттағы қызметіне үйлестіру, материалдық-техникалық қорды жетілдіру, атқарушы органды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Палата Жарғысына қайшы келмейтін басқада мақсаттарына пайдаланылады.

4.2 Мүшелік жарнаның дұрыс төленуі, оның есебіне және жұмсалуына Палатаның тексеру комиссиясымен жүргізіледі.

4.3 Мүшелік жарнаның төленуін дәлелдейтін және оның мақсатты үйлестіруі туралы қатан есептегі құжаттар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен бекітілген мерзімге сәйкес Палатада сақталады.

 

5. Мүшелік жарнаны толық емес және/немесе уақытылы төлемеген  кездегі жауапкершілік

5.1 Барлық Палата мүшесі жылдық мүшелік жарнаның толық және уақытылы төленуіне жеке жауап береді.

5.2 Палата мүшесімен тоқсандық мүшелік жарнаның төлеу мерзімінен 15 күн асқанда немесе жылдық мүшелік жарнаның толық төлеменбеген жағдайда, Палатамен мұндай мүшеге Палата кіру туралы арызында көрсетілген үйялы телефонына немесе электронды поштасына, тұрғылықты мекенжайына қалыптасқан берешекті 5 жұмыс күн аралығында өтеу туралы хабарлама жолданады. Палата мүшесімен хабарламаны уақтылы орындамаған жағдайда, берешекті 5 жұмыс күн аралығында өтеу туралы сотқа дейінгі талапнама жіберледі.

5.3 Палата мүшесімен 2 (екі) ай ішінде орынды себептерсіз қарызды төлемеген және өтемеген жағдайда Палата жарғысының талаптарына сәйкес мүшелікті жоғалтады.

5.4 Мүшелік жарнаны төлеуді тоқтатумен байланысты анықталған бұзушылықтар үшін мүшелік жарнаны төлеу немесе төлемеуден бас тартқан жағдайда, Төраға мұндай мүшені Палатадан шығару туралы ұсыныспен Палата басқаруына шығады. Мүшелік жарнаны төлеу берешегімен байланысты анықталған бұзушылықтары үшін, мүшелер Палатадан шығарылған кезде, берешекті өтеу міндеттінен босатылмайды. Міндетті мүшелік жарна Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде өндіріледі.

5.5 Палата мүшесі өз еркімен, немесе Палата мүшелігінен шығарылған жағдайда, мүшелік жарнаны ағымдағы жылдың күнтізбелік тоқсанының, Палата мүшесінен шығу күнінен немесе шығарылған кезге дейін төлейді.

5.6 Палата мүшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың, Жарғысы және Палатаның басқада ішкі құжаттары бойынша құрамынан шығарылған негізінде, мүшелік жарна ретінде және/немесе басқада шығымдарды өтеу, Палата мүшесі ретінде және Палатаға берілген мүліктерді қайтару, тиісті реттеуші және де басқа да құжаттарда көрсетілмесе онымен төленген ақшалай жарнаны талап етуге құқылы емес.

5.7 Міндетті жылдық мүшелік жарнаның төлену есебін үйымдастырылуына Палата есепшісі  жауапты.

5.8 Осы  Қағидада  басқада  көрсетілмеген  жағдайда  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік басталады.

 

Ақтөбе облысының
Заң консультанттары палатасы