Палата мүшесіне қабылдау шарттары мен Ережесі

"Бекітілді"
Ақтөбе облысының заң
консультанттары Палатасы
мүшелерінің жалпы
жиналысында
«13» ақпан 2019 жылы

Палата мүшесіне қабылдау шарттары мен Ережесі

  1. Жалпы бөлім
    1. Ақтөбе облысының заң консультанттары Палатасы мүшесіне қабылдау Ережесі мен шарттары (әрі қарай-Ереже) Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы Заңына, Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі басқару» Заңына, палата Жарғысы және де басқада нормативтік-құқықтық актілірге сәйкес әзірленді.
    2. Ереже мүшелік шарттарды, кіру тәртібін, Палата мүшелігін тоқтаты және тоқталуын анықтайды.
    3. Палата мүшесі аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылады.
    4. Палата мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, палата Жарғысымен, осы Ережемен және де басқа да Палата қызмет реттейтін ішкі құжаттарда көрсетілген құқықтар мен жауапкершіліктерге тең ие.
  2. Мүше шарты
    1. Палата мүшелігі үшін алғашқы шарт Жарғының талаптарын, Палата Ережесін сақтау және жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының, психологиялық және нашақорлық ұйымында есепте жоқтығы.
  3. Палата мүшесіне қабылдау
    1. Палатаға кіру үшін үміткер Палата төрағасының атына белгіленген нысандағы арызды ұсынады.
    2. Арызда үміткердін жеке мәліметтері көрсетілуі тиіс (ТАӘ, ЖСН, мекен жайы, телефон).
    3. Арызға келесі құжаттар қосылады:
      • Анкета;
      • жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі;
      • жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтама;
      • Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды.
      • Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттар.
      • Оң аттестаттау нәтижесі.
      • 1 сурет 3*4 ( электронды форматты, 2 мегапикселден кем емес).

      Құжаттар пакеті үміткермен қағаз тасығышта ұсынылады және Палата кіріс корреспонденциясында тіркелуге жатады.

    4. Үміткер бір заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
    5. Үміткердің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
    6. Палата мүшелігіне қабылдау туралы шешімді Басқарма мүшелері дауыс беру арқылы қабылдайды. Палата мүшелігіне қабылданғаннан кейін үміткерге заң консультанттары палатасының тізілімінен үзінді беріледі.
    7. Палата мүшелігіне қабылдаудан бас тартқан жағдайда үміткерге жазбаша дәлелді бас тарту беріледі, келіспеген жағдайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы
    8. Үміткердің палата мүшелігіне кіруге өтініш беруі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және көлемде өзінің дербес деректерін жинауға,сақтауға және өңдеуге, сондай-ақ ашуға , оның ішінде Палатаның интернет-ресурсында келісім білдіру болып табылады.
  4. Мүшелікті тоқтату
    1. Палата мүшелігі палата Басқармасы Мүшелерінің хаттамалық шешімімен тоқтатылады:
      • Палата мүшелерінен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде;
      • Жарғыда көзделген негіздер бойынша.
    2. Егер Палата мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы іс қаралса, заң консультанттары палатасына мүшелігі тексеру аяқталғанға дейін аталған палатаға оған шағым түскен жағдайда тоқтатылуы мүмкін емес.
    3. Заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы жазба заң консультанттары палатасына заң консультанттары палатасы мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат келіп түскен жағдайда заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі.
    4. Өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған тұлға өз клиенттерін заң консультанттары палатасында мүшелігі тоқтатылған туралы хабардар етуге міндетті.
    5. Заң консультанттары палатасы заң консультантының Заң консультанттарының палатасына мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұндай шешімді Палатаның интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмесін жібереді:
      • Өзіне қатысты заң консультанттар палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған тұлғаға;
      • Егер тұлғаны Палата мүшелерінен шығару Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, кәсіби этика кодексінің талаптарын бұзумен байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзін-өзі реттейтін ұйымдарға.
      • уәкілетті органға.
Ақтөбе облысының Заң консультанттары Палатасы