Палатаның аттестациалау комиссиясының ҚАҒИДАСЫ

"БЕКІТІЛДІ"
Ақтөбе облысының Заң консультанттары
палатасының жалпы жиналысында
13 ақпан 2019 жылы
Палатаның жалпы жиналыс шешімімен
қосымша еңгізілді
15 қаңтар 2021 жылы
Палатаның жалпы жылдық жиналысында өзгерістер еңгізілді
17 қаңтар 2024 жылы

Аттестаттау комиссиясы және аттестаттауды өткізу тәртібі туралы 
ҚАҒИДАСЫ

Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы, заңгерлердің кәсіби әдеп Кодексі, Қағидамен және басқада нормативті-құқықтық актілерге сәйкес Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының жалпы отрысында әзірленіп, бекітілді.

 

1. Жалпы ережелер

1.1 Ақтөбе облысының Заң консультанттары палатасының Аттестациалық комиссиясы (әрі қарай – комиссия) үміткерден Қазақстан Республикасының заңнамаларын біліктігіне емтихан алу, оңымен әңгімелесу өткізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында заң консультантты ретінде кәсіби қызметімен айналысуын жүзеге асыру және біліктілігін дәлелдеу үшін құрылған.

1.2 Комиссия мүшесі саны 5 (бес) адам, Палата мүшелерінің арасынан құрылады. Комиссияның отырысы, олардың 2/3 мүшелері қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледі.

Төраға және Комиссия құрамы, жалпы отырыста 3 жылға сайланады, хатшысы аттестациалық комиссиясы отырысында сайланады. Комиссия мүшелерінің бірі кеткен жағдайда алқалы орган Палата мүшелерінің жалпы жиналысын шақырмай, көпшілік дауыспен комиссия мүшесін тағайындауға құқылы.

 

1.3 Комиссияның негізгі міндетті:

1) Палата мүшесіне үміткерлерді аттестациядан сапалы өткізу;

2) Палата мүшесіне үміткерлердің Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы заңнамаларының талаптарын, заңгерлік көмек көрсету принциптерің, Палатаның Ережесін және Стандартының талаптарын, Палата мүшелерімен кәсіби әдеп Кодексін сақтауды қамтамасыз ету;

1.4  Палата мүшелігіне үміткерді аттестаттау осы Қағидасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2. Аттестациалау өткізу тәртібі және ережесі

2.1 Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі. Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын Заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

2.2 Палатаның атқарушы органы аттестаттау күннің, уақытын және орнын белгілеп, үміткерлердің назарына жеткізеді.

2.3 Үміткердің Қазақстан Республикасының заңнамасын теориялық білімін алдын ала тексеруді атқарушы органның қызметкері жүзеге асырады және аттестаттау парағын тексеру нәтижелерін оның аттестаттаудан өтуі туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін аттестаттау комиссиясына береді. Комиссияның қалауы бойынша үміткерге қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін.

2.4  Аттестациялау тесті заңгерлік қызметің атқару кезінде керек болатын құқықтық тақырыптары бойынша сұрақтар 3 (үш) жауаптан тұрады. Аттестаттау сұрақтары жариялықсыз ақпарат болып саналады және де жарияланбайды.

2.5 Аттестаттауға 100 (жүз) минут уақыт беріледі. Үміткер жауаптарды электронды немесе қағаз түрінде белгілейді.

2.6 Аттестаттауға ұсынылған сұрақтардың жалпы саны -100 сұрақтан құралады.Тестілеудін дұрыс жауаптары қолданылған компьютерлік бағдарлама арқылы немесе қағаз түрінде саналады.

2.7 Үміткер тестілеуден өтті деп саналады,егерде берілген жалпы есептін дұрыс сұрақтары 70 пайыз құрылса. Дауыс беру шешімі хаттамаға еңгізіліп, комиссия төрағасы және хатшысымен қол қойылады.

2.8 Тестілеу кезінде үміткерге нормативтік-құқықтық актілермен, моногамиялық және оқу әдебиеттерін қолдануға тиім салынады. Соған қоса, орынды себепсіз, тестілеуге арналған бөлмеден кетуге құқығы жоқ.

2.9 Аттестациялау хаттамасын палата мүшесіне қабылданатың аттестацияға жататын үміткерді қабылдау үшін Палатаға жолданады.

2.10  Тестілеу аяқталаған кезде нәтижесі үміткерге қол қою арқылы танысу үшін беріледі. Тестілеу нәтижесі аттестациялау хаттамасына қосылып, жеке іс құжаттарында сақталады.

2.11 Үміткер табалдырық деңгейден өтпеген жағдайда бір айдан кейін тестен қайта өтуге құқылы.

Үміткердің тестілеуге қатыспағаны аттестациялау хаттамасында «Аттестаттауға келмеген» деп белгіленеді.

2.12  Үміткер Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы заңындағы 83 бабы 1 тармағының талаптарына сәйкес аттестациялаудан босатылады.

Аттестациялау құжаттары Палата мүшелерінің жеке ісінде сақталады.

 

Ақтөбе облысының
Заң консультанттары палатасы