Тәртіптік комиссия және тәртіптік іс жүргізу, тәртібі туралы ереже

"БЕКІТІЛДІ"
Ақтөбе облысының Заң консультанттары
палатасының жалпы жиналысында
13 ақпан 2019 жылы
Палатаның жалпы жиналыс шешімімен
қосымша еңгізілді
15 қаңтар 2021 жылы
Палатаның жалпы жылдық жиналысында өзгерістер еңгізілді
17 қаңтар 2024 жылы

Тәртіптік комиссиясы және тәртіптік іс жүргізу тәртібі туралы 
ҚАҒИДАСЫ

І. Жалпы қағидалар

1. Осы тәртіптік комиссия туралы ереже (бұдан әрі комиссия) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VІ Заңына, палатаның Жарғысына, Заң консультантының кәсіби этикасы кодексіне, заң көмегін көрсету стандарттарына сәйкес әзірленді. Палата мүшелеріне қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау және қарау негіздері, шарттары мен тәртібін, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік шараларын  белгілейді.

2. Тәртіптік іс жүргізу мен комиссия қызметінің мақсаты - жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін, лауазымды адамдардың шағымдары мен хабарламаларын, палата мүшесінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне соттардың жеке қаулыларын (ұйғарымдарын) уақтылы, объективті және әділ қарау, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешу. Сондай-ақ Палата мүшесі мен оған қатысты өтініш берген адамның арасында қолдануға қол жеткізу болып табылады.

3. Тәртіптік іс жүргізу, өтініш берген адамның жеке өмірінің құпиясын құрайтын мәліметтер, дербес деректер, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Тәртіптік іс жүргізу материалдарын жария етуге жол берілмейді.

4. Төраға, комиссия мүшелері және хатшы заң институтында жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар адамдар арасынан, Палата мүшелерінің жалпы жиналысында 3 (үш) жыл мерзімге сайланады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды. Комиссиядан бір мүшесі шықан жағдайда, Палата басқармасы жалпы жиналыс шақырмай, көпшілік дауыс беру арқылы комиссия мүшесін тағайындау құқылы.

5. Төраға комиссияның жұмысын ұйымдастырады, тәртіптік істердің уақтылы, объективті және әділ қаралуын қамтамасыз етеді, Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамасын шешім қабылдау үшін Палата алқалы органына жібереді. Комиссия төрағасы болмаған кезде, оның функцияларын комиссия мүшелерінің бірі атқарады.

Комиссия хатшысы:

- тәртіптік іс жүргізуге қатысушыларға және Комиссия мүшелеріне отырыстың мекен-жайын және уақытын дер кезінде хабарлау, тексеру материалдарымен танысуға  қамтамасыз етеді;

- комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді.

Тәртіптік іс жүргізудің жалпы мерзімі үш айдан аспауға тиіс, Палата мүшесінің науқастығына, оның демалыста, ұзақ мерзімді іссапарда болған уақытын, Палата төрағасының әрекетіне шағым келтіру, тәртіптік өндіріс қозғау немесе тоқтату бұйрығын  есептемегенде.

Комиссия шешімі, отырыста оның мүшелерінің кемінде 2/3 болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

ІІ. Тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіздер

1. Палата мүшесіне қатысты тәртіптік іс қозғауға негіздеме болып табылады:
- жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, өтініштері немесе арыздары (әрі қарай мәтін бойынша Өтініш);

- уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының ұсыныстары және хабарламалары;
- палата мүшелерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты соттардың жеке қаулылары мен ұйғарымдары;

- палата мүшесінің қолданыстағы заңнаманы, заң көмегін көрсету қағидаттарын, Палатаның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, Палата мүшелерінің кәсіби әдеп кодексін бұзуының жалпыға мәлім болған деректері.

2. Өтініштер жазбаша нысанда беріледі және онда келесі мәліметтер болуға тиіс:
- жеке тұлға өтініш берген кезде тұлғаның тегі, аты, тұрғылықты жері, ЖСН, байланыс телефоны;

- заңды тұлға өтініш берген кезде заңды тұлғаның толық атауы, басшысының аты-жөні, оның орналасқан жері және байланыс телефоны;

- Палата мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ оған қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қойылатын заң консультанттарының тиісті Палатасына тиесілігі, оларға заң көмегін көрсету туралы шарт туралы мәліметтер;
- Палата мүшесі жол берген бұзушылықтың (іс-әрекеттің, әрекетсіздіктің) мәні;
- өтініш берген тұлғаның өз талаптарын негіздейтін мән-жайлары;
- қосымша берілетін құжаттардың тізбесі;

- өтініш берген тұлғаның қолы және күні.

3. Тәртіптік іс жүргізудің мәні:

- Палата мүшесінің, палата мүшесі ретінде беделін түсіретін іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі, заңгер мамандығының беделін түсіргені;

- клиенттерге, әріптестеріне және басқа тұлғаларға қатысты кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде жеткіліксіз мінез-құлық деректері;

- Палата мүшесінің өз кәсіби міндеттерін, Палата органдарының шешімдерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

Жасырын өтініштер, сондай-ақ Палата мүшесінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес бұзушылықтың мәні немесе мән-жайлар баяндалмаған өтініш тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болып табылмайды.

 

ІІІ. Тәртіптік іс жүргізуді жүргізу тәртібі

1. Палата мүшесіне қатысты тәртіптік өндіріс Палата төрағасының бұйрығымен қөзғалып, хабарлама арқылы түсініктемесі алынып, жиналған құжаттар Комиссияның қарауына бір ай мерзімінде ұсынылады.

2. Өзіне қатысты тәртіптік іс жүргізіліп жатқан Палата мүшесі комиссияға түсініктеме және оған қатысты Өтініш бойынша, соттың және басқа да мемлекеттік органдардың жеке қаулыларын (ұйғарымдарын) үш күн мерзімінде беруге міндетті және тексеруді ұйымдастыру үшін мтериалдарды беруден бас тартуға құқығы жоқ.

3. Палата мүшесі түсініктемені және қатысты құжаттарды ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған деректері Тәртіптік комиссиясымен тәртіптік өндіріс тәртібінде қаралады.

4. Комиссияда тәртіптік іс жүргізу жабық отырыста жүзеге асырылады. Өтініш авторының және Палата мүшесінің келмеуі тәртіптік іс жүргізуге және оның қорытындылары бойынша шешім қабылдауға кедергі болмайды. Комиссия мүшелеріне өз дәлелдерін беруге, сондай-ақ Палата мүшесіне қатысты қабылдауға ұсынылатын тәртіптік жауапкершілік шараларының мәні бойынша сөз алуға құқығы беріледі.

5. Уәкілетті органдар тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізген жағдайда, оны қарау осы орган өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның, тиісті органның қарау уақыты мен орны туралы хабарланған өкілінің келмеуі тәртіптік іс жүргізуді жүргізуге кедергі болмайды.

6. Тәртіптік іс жүргізу қорытындылары бойынша комиссия хаттама жасайды, онда Палата мүшелерінің тәртіптік теріс қылық жасау деректері расталған кезде Палатаның мүшелері тиісті тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы, сондай-ақ болашақта осындай жағдайларға жол бермеуге бағытталған шараларды қолдану туралы ұсынымдар беруге тиіс.

7. Палата алқасы Комиссияның хаттамасын қарағаннан кейін  Палата төрағасының тиісті бұйрығын шығаруы арқылы Палата мүшесіне тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдайды.

8. Палата төрағасының тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шығарылған бұйрық электрондық байланыс (электрондық пошта немесе ұялы телефон) арқылы Палата мүшесі жібеоіледі. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығымен келіспеген жағдайда, бір ай ішінде сотқа шағымдана алады.

9. Заң консультантының бұзушылық белгілері формалды түрде қамтылған, бірақ заң консультантының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмейтін және сенім білдірушіге немесе Палатаға елеулі зиян келтірмейтін іс-әрекеті мен әрекетсіздігі тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқпайды.
            10. Тәртіптік өндірісті уақытша тоқтату негіздері:

- науқастығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық;

- қызметтік іс-сапар 15 күнтізбелік күннен астам болу немесе Қазақстан Республикасының тыс аумағына уақытша шығу;

- еңбек демалысында болу;

- бұйрықты, тәртіптік өндіріс бойынша Палата атқарушы органының іс-әрекеті мен әрекетсіздігін, соттың жеке қаулысын (ұйғарымды), уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымдарын шағымдану;

- Қазақстан Республикасының соттарында қатысты Палата мүшесінің іс-әрекеті мен әрекетсіздігі бойынша өтінішті қарастыру.

            11. Осы Қағидасының 10-тармағында белгіленген негіздер болған жағдайда, олар жойылғанша Палата төрағасының тиісті  бұйрығын шығару арқылы тоқтата тұруы мүмкін.

12. Тәртіптік өндірісті тоқтату негіздері:

- Өтініш берушімен өтінішті кері қайтару;

- уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымын, соттың жеке қаулысының (ұйғарымының)  күшін жою;

- Палата мүшесінің өтініш авторымен татуласуына байланысты;

- Палата мүшесі жол берген бұзушылықтың деректері жоқтығы немесе Өтініш берген тұлғаның талаптарын негіздейтін мән-жайлары расталмаса;

- Палата мүшесімен бұзушылықты түзету және/немесе жою.

            13. Тәртіптік іс жүргізу тоқтатылуына Палата төрағасының Палата мүшелеріне қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы бұйрығы шығарылғанға дейін жол беріледі.

            14. Тәртіптік ықпал ету шаралары осы Ережеде көзделген рәсімдерге сәйкес тәртіптік іс жүргізу шеңберінде ғана қолданылады. Жасалған әрбір теріс қылық үшін тек бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

15. Тәртіптік жауапкершілік шаралары Палата мүшесіне оның ауырған, демалыста, ұзақ мерзімді іс-сапарда болған уақытын есептемегенде, теріс қылық анықталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, бірақ ол жасалған кезден бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін.

16. Тәртіптік теріс қылық жасаған Палата мүшесі келесі тәртіптік жауапкершілік шараларының біріне тартылуы мүмкін:

- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- Палата мүшесінен шығару.

Тәртіптік жаза қолдану кезінде жасалған бұзушылықтың ауырлығы мен оның салдары, жасалған жағдайлар, қызметтік теріс қылық  жасағанға дейінгі мән-жайлар, Палата мүшесінің мінез-құлқы, оның клиенттерінің, әріптестерінің және басқа адамдардың пікірлері ескерілуге тиіс.

17. Тәртіптік іс жүргізу материалдары Палатаның істерінде бес жыл сақталады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін тәртіптік іс жүргізу материалдары акт бойынша жойылады.

 

Ақтөбе облысының
Заң консультанттары палатасы